Елімізде Нұрмағамбетов, Момышұлы мен Қошқарбаев атындағы дәрежелі ордендер пайда болады
Мәжіліс депутаттары Мемлекеттік наградалар туралы заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл бастаманы депутаттар бір ауыздан қолдап, бастамашылық танытып отыр.
«Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаев есімдерін беру жөнінде өзгерістер мен толықтыру енгізіледі. Атап айтқанда, орденнің бірінші дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің, екінші дәрежесіне – Бауыржан Момышұлының, үшінші дәрежесіне – Рахымжан Қошқарбаевтың есімі беріледі", – дейді депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Депутаттар бұл заң жобасы Конституцияға, мемлекет ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстанның қатысушы болып саналатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейтінін атап өтті.