Елімізде жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері 2,5%-ға көбейді
Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеді
Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы 2,5%-ға ұлғайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жұмыс берушілер зейнет жасындағы, 1-ші және 2-ші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар, әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған адамдардың пайдасына жарна төлеуден босатылды. Жұмыс берушілердің жарнаны уақытылы және толық төлеп отыруын бақылау Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген.
Қызметкерлердің жеке зейнетақы шоттарына түсетін жарнадан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы шартты зейнетақы шоттарына есептеледі және қызметкерлердің меншігі емес. Тиісінше, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы есебінен қалыптасқан жинақтарды қызметкерлер мұраға қалдыра алмайды. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы зейнетақыны ортақ (таратушы) қағидаты бойынша төлеуге арналған. Сондықтан, Қазақстан азаматтығынан айырылған немесе қайтыс болған адамдар үшін төленіп келген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы қалған қатысушылар арасында бөлініп, өмір бойы төленетін болады.