Елімізде жерасты суын басқаруға арналған ақпараттық жүйені орнату және іске қосу аяқталды
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысының жерүсті және жерасты суы туралы барлық мәліметті қамтитын бірыңғай ақпараттық жүйе құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Ұлттық гидрогеологиялық қызмет Water Base ақпараттық жүйесін орнату және оны іске қосу жұмыстарын аяқтады.
Биыл жүйені жергілікті жағдайға бейімдеу және оны Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) қолдауымен Ұлттық гидрогеологиялық қызметтің Ахуалдық-талдамалық орталығын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау жобасы қатар жүзеге асырылып жатыр.