Елімізде жыл басынан бері туу деңгейі артып, өлім-жітім айтарлықтай төмендеген
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:47
- 10
Қазақстанда медициналық-демографиялық көрсеткіштердің тұрақты жақсаруы жалғасуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2026 жылдың қаңтар айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда:
• туу көрсеткіші 1,8%-ға артты (14,49-дан 14,75-ке дейін);
• жалпы өлім 8,4%-ға төмендеді (6,2-ден 5,68-ге дейін);
• нәресте өлімі 28,5%-ға азайды (6,66-дан 4,76-ға дейін).
Сондай-ақ 2026 жылдың алғашқы екі айында ана өлімі 49,4%-ға төмендеп, 100 мың тірі туған балаға шаққанда 16,2-ден 8,2-ге дейін азайды.
Негізгі себептер бойынша өлімнің:
• қанайналым жүйесі ауруларынан — 13,9%-ға, оның ішінде:
• жедел миокард инфарктынан — 6,5%-ға,
• инсульттен — 7,8%-ға;
• қатерлі ісіктерден — 7,4%-ға;
• жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан — 2,3%-ға;
• тыныс алу жүйесі ауруларынан — 18,7%-ға тұрақты төмендеуі байқалады.
Қол жеткізілген нәтижелер денсаулық сақтау жүйесін дамыту, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ заманауи диагностика және емдеу әдістерін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі болып табылатынын айта кету қажет.




