бейсенбі, 12 ақпан, 2026 12:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздегі ақылы автожолдарда сараланған төлем енгізу ұсынылды

Еліміздегі ақылы автожолдарда сараланған төлем енгізу ұсынылды
Pixabay.com
Құжатта сараланған төлем жүйесін енгізу көзделген

Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу жөніндегі құжат «Ашық НҚА» порталында 26 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz


— Құжатта сараланған төлем жүйесін енгізу көзделген. Бұл шара транзиттік шетелдік пайдаланушылар тарапынан жоғары жүктемеге ұшырайтын автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және қалпына келтіру шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бастама еліміздің экономикалық мүдделерін қорғауға және халықаралық көлік қатынастарында өзара қарым-қатынас қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған. Қосымша түсімдерді жол инфрақұрылымын дамытуға және ұстауға бағыттау ұсынылады, — делінген Көлік министрлігі әзірлеген хабарламада.

Сонымен қатар, аталған норма Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге, Қазақстан Республикасының резиденттеріне, сондай-ақ ақылы жолдармен жүру шарттары үкіметаралық келісімдерде қарастырылмаған елдерге қолданылмайды.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар