Елімізде

Еліміздегі жолдардың ахуалы қандай

Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Ұлттық компанияның дерегінше, 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 08:00–дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашық:

Қостанай облысы

• «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 218-232-шақырым (Октябрьское ауылы — Ақмола облысының шекарасы) аралығы.

Ақмола облысы

• «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 232-260-шақырым (Қостанай облысының шекарасы — Сұрған елді мекеніне дейін) аралығы;

• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 915-1002-шақырым (Жақсы кенті — Атбасар қаласы) аралығы;

• «Жақсы — Есіл — Бұзылық» автожолының 0-82-шақырым (Ақсай кенті — Бұзылық елді мекені) аралығы;

• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 537-552-шақырым (Бұзылық елді мекенінен Сұрған елді мекеніне дейін) аралығы.

Ұлытау облысы

• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 24-137-шақырым (Сәтбаев қаласы — Ұлытау ауылы) аралығы;
• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 433-750-шақырым (Жезқазған қаласы — Жаңаарқа) аралығы.

Жылдамдықты шектеу

Ауа райының байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін жылдамдық режимі шектелді:

Ақмола облысы

• KAZ02 «Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу бекеті)» автожолының 18-232-шақырым аралығында жылдамдық 140 шақ/сағ-тан 90 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді;

• KAZ01 «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92-шақырым (Жібек Жолы кенті — Анар станциясы) аралығында жылдамдық 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін шектелді;

• осы автожолдың 92-164-шақырымы (Анар станциясы — Теміртау қаласы) аралығында да жылдамдық 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді.

Жабық жолдар

Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» авто жолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Сонымен бірге «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.