жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Pixabay.com
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Синоптиктер 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Түнде Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын мен қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік пен шығыста желдің жылдамдығы 15–20 м/с жетуі мүмкін. Қостанай қаласында да түнде көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында тұман болжанады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Батысында, солтүстігі мен шығысында тұман болады. Солтүстік және шығыс бағыттарда түнде және таңертең желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысында, Алакөл көлдері маңында жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с жетеді.

Абай облысында батыс, оңтүстік және орталық аудандарда жел 15–20 м/с соғады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман, ал шығысы, оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с болады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар