Енді елімізде балалар мекемелеріне ерекше санитариялық бақылау енгізіледі
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 14:58
- 57
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда балалар мекемелерінде ерекше бақылау енгізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі аталған нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз етуге; себеп-салдарға ден қоюға ғана емес, бұзушылықтардың алдын алуға көшуге; қоғам мен ата-аналар үшін бақылаудың ашықтығын арттыруға; қызметтің өнім берушілерінен бастап процеске қатысатын барлық субъектілердің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік берді.
«Ерекше тәртіпті енгізу – бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге бағытталған жүйелі шешім және бұл соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында шешімін таппай келе жатқан проблемаларды шешуге мүмкіндік береді», - деді спикер дөңгелек үстел барысында.





