Енді елімізде жылына 3 млн ағаш отырғызу жоспарлануда
- авторМағжан Орынбасар
- 1 тамыз, 2024
- 523
Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстан экология жағдайын жақсарту бойынша белсенді іс-қимылдарды жалғастыруда. 2021 жылдан 2023 жылға дейін 840 млн-ға жуық ағаш пен бұталар отырғызылды, бұл жоспарланған көлемнің 83%-ын құрайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Экология министрлігі хабарлағандай, Арал теңізі аймағында теңіздің құрғаған табанында орман мелиорациясы бойынша жұмыс жалғасуда. 2025 жылға дейін 1 млн гектардан астам, ал 2024 жылға 275 мың гектарға жұмыс жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызылуда. Жыл сайын 3 млн ағаш егу жоспарланып отыр.
Президенттің бастамасымен биылғы наурыз айында басталған «Таза Қазақстан» акциясы 800 мыңнан астам қатысушыны аумақтарды тазартуға және жасыл желек отырғызуға біріктірді.
Биыл «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» өтті, оның барысында 203 мыңға жуық ағаш отырғызылды.
Павлодарлық сазгер Елдос Сметовке ән арнады
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024