жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Энергетика министрлігі: Елде газ тапшылығы жоқ

Энергетика министрлігі: Елде газ тапшылығы жоқ
Canva
Орынбор газ өңдеу зауытының жұмысы уақытша тоқтағанына қарамастан, бұл жағдай Қазақстанға газ жеткізу процесіне әсер еткен жоқ.

Энергетика министрлігі Орынбор ГӨЗ-індегі шикізат қабылдау үзілісіне қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған «Астана мен бірқатар өңірлерде газ тапшылығы туындауы мүмкін» деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

— Қазір елдің газдандырылған өңірлеріне, соның ішінде елордаға газ қалыпты режимде, толық көлемде және еш шектеусіз жеткізіліп келеді. Газ жеткізудің тұрақтылығы алдын ала қарастырылған резервтік тетіктер есебінен қамтамасыз етіліп жатыр. Жеткізілмеген газ көлемі қолданыстағы келісімшарт аясында жедел түрде толықтырылуда. Сондықтан ішкі тұтынушыларға, оның ішінде елордалық ЖЭО-да газ тапшылығы жоқ және болашақта да болмайды, — делінген хабарламада.

Серіктес тараптың дерегінше, алдағы күндері Орынбор ГӨЗ-де газ қабылдау қайта жанданады деп күтілуде.

— Уақытша шектеулерге байланысты Қарашығанақ кен орнының операторы өндіру көлемін бақылаулы түрде азайтты. Аталған шара Қазақстанның ішкі нарығына газ жеткізу міндеттемелеріне әсер етпейді. ГӨЗ қалыпты жұмысына көшкеннен кейін өндіріс көлемі жоспарланған деңгейде қайта жалғасады. Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу мәселесі Үкіметтің стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады және пысықталу үстінде, — деп түсіндірді ведомство.

Министрлік атап өткендей, Қарашығанақта жаңа газ өңдеу зауытын салу – Үкіметтің стратегиялық бағыттарының бірі саналады және қазір бұл жоба пысықталу үстінде.

Энергетика министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәлімет таратпауға шақырды.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар