Елімізде

Ерлі-зайыптылардың ортасындағы жанжал үшін еркектерді соттай береміз бе – Бишімбаевтың адвокаты

Ерлан Ғазымжановың ойынша отбасында бір жылда 3 рет ұрыс-керіс болуы қалыпты жағдай

Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаетың ісі бойынша тараптардың жарыссөзінің екінші күні басталды. Қорғаушы тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов әр отбасында орын алатын жанжал үшін ер азаматтарды соттау ақылға сыймайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ерлан Ғазымжанов айтуынша, әр шаңырақта жылына 3 рет ұрыс-керіс болу қалыпты жағдай. Ал оның қорғаушысы Бишімбаевта марқұм Нүкеновамен бақытты болған.

Ерлан Ғазымжановтың бұл сөздері судья Айжан Құлыбаеваның шамына тиді. Ол бірден адвокатқа ескерту жасады.