Елімізде

Ертіс өзенінің экожүйесін сақтау үшін Шүлбі су қоймасынан 6,4 млрд текше метрден астам су жіберілді

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл шара Ертіс өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мен қолдауға бағытталған.

27 тәулікке созылған су жіберу кезеңінің қорытындысы бойынша су қоймасынан 6,4 млрд текше метрден астам су ағызылды. Оның ішінде ең жоғары көлемі 8 тәулік бойы жіберілді. Оның көлемі – секундына 3400-3500 текше метр.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында Ертіс өзенінің жайылма алқаптарын суландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде суландырылған аумақ көлемі 257,2 мың гектарға жетіп, жалпы жоспарланған аумақтың шамамен 76 пайызын құрады.