Елімізде

Этносаралық келісім – біздің күшіміз

Қазақстан – көпэтносты мемлекет.

Біз әртүрлі этнос өкілдерімен бірге өмір сүріп, бір-біріміздің дәстүрімізді, тілін және мәдениетін құрметтей отырып, бейбіт қоғамды бірге жасаймыз.

Ал заң – бұл біздің қоғам бірлігін сақтайтын “қорғаныс қалқаны”.

Заң бізді қорғайды

ҚР Конституциясы:

• 1-бап – Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

• 7-бап – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Қазақстан халқының барлық тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай жасалады.

• 14-бап – Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

Ешкімді нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына немесе басқа да белгілеріне байланысты кемсітуге болмайды.

Мысалы, сіз қай ұлттан болсаңыз да, заң сізді қорғайды – бұл тек қағазда емес, біздің өмірімізде де күшті!