Этносаралық және дінаралық келісім – бәріміздің мүддеміз
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 11:05
- 67
Бұл бапқа жатады:
• Ксенофобия – өзге ұлтқа, мәдениетке немесе бөтен деп қабылданатын адамдарға қатысты қорқыныш, өшпенділік пен жеккөрушілік көзқарас.
• Тілдік кемсіту – адамның қай тілде сөйлейтініне байланысты оны төмендету, шектеу, қорлау немесе қоғамнан шеттету.
• Этностарды қарсы қою – қоғамды «біз» және «олар» деп бөліп, бір этносты екіншісінен артық немесе кем етіп көрсету арқылы араздық тудыру.
Бір ғана пост немесе сөз қоғамдағы тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін – сондықтан жауапкершілік әрқайсымызда.
Осы баптың зардабы – 2000-7000 АЕК (бір айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге) мөлшеріндегі айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге/айыруға жазаланады.
Тіл – көпір, араздық емес
“Тіл туралы” Заң бізге үйретеді: тіл – қару емес, көпір.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде немесе қоғамдық орында тілдік мәдениетті сақтау – әрқайсымыздың мәдени жауапкершілігіміз.






