Жамбылда Конституция күні кең көлемде аталып өтілді
Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Алдымен Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйіне жиналған көпшілік Әнұранды әуелете шырқап, айтулы күннің ажарын айшықтай түсті.
Бұдан соң облыс әкімі жамбылдықтарды мерекемен құттықтап, Конституцияның маңыздылығына тоқталды.
Салтанатты жиында өңір басшысы бірқатар азаматқа мерекелік марапат табыстап, құрмет көрсетті.
Шара соңы облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланды.