Елімізде

Грузиядан 7 жастағы Қазақстан азаматы елге қайтарылды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жастағы Қазақстан азаматы - қыз бала елге қайтарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Баланы елге қайтару шаралары алты ай бойы жүргізілді. Осы кезеңде тиісті мемлекеттік органдар арасында келіссөздер өтіп, грузин тарапының құзырлы мекемелерімен байланыс орнатылды. Қажетті құжаттар рәсімделіп, барлық рәсімдер заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды.

Еске сала кетейік, әрбір баланың құқығы мен заңды мүддесі ел ішінде де, шетелде де мемлекеттің қорғауында.