Елімізде

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер  БАӘ-нен елге жеткізілді

Ол заңсыз бизнесінен 21 млн пайда тапқан

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.