сенбі, 6 желтоқсан, 2025 0:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Хан-Тәңірі» клубының жас шабуылшысы Диас Төлеу өмірден өтті

«Хан-Тәңірі» клубының жас шабуылшысы Диас Төлеу өмірден өтті
Фото: instagram.com/birinshiliga
Қайғылы хабар туралы «Қазақстан Бірінші лигасының» ресми парақшасында жарияланды.

«Хан-Тәңірі» футбол клубының шабуылшысы Диас Төлеу өмірден өтті. Қайғылы хабарды «Қазақстан Бірінші лигасының» ресми парақшасы жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады», - делінген жазбада.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар