“Хуторский” бандасы: Хасан Қасымбаев екі айға қамалды
Қазір ол уақытша ұстау изоляторында екен
Алматы облысының полиция департаменті “Хуторский” бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы белгіленгенін хабарлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның мәліметінше, Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Қасымбаевты екі айға қамауға алу туралы қаулы шығарған. Қасымбаев 2 қарашада ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді және адам ұрлады деген айыпқа ілінген. Мұның бәрі 2021 жылдың маусымында болған оқиғалар.