Индустрия 4.0 тақырыбы бойынша оқытылады
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Fraunhofer IPA Өнеркәсіптік инженерия және автоматтандыру институтымен бірлесіп 2020 жылғы 23 қыркүйек мен 5 қараша аралығында өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері үшін Индустрия 4.0 тақырыбы бойынша оқыту өткізеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Индустрия 4.0 элементтерін пайдаланатын кәсіпорындардың үлесін арттыруға жәрдемдесу және олардың құзыретін арттыру.
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Қарабаевтың айтуынша, аталған шара Германияның Fraunhofer IPA Өнеркәсіптік инженерия және автоматтандыру институтымен ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады.
«Неміс институтының үлкен тәжірибесі кәсіпорындарымыздың өндірістік әлеуетін жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді және Қазақстанның технологиялық дамуына серпін беруі тиіс», деді М.Қарабаев.
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша жүйелі жұмысты 2017 жылдан бері жүргізуде. Бұған дейін Fraunhofer IPA көмегімен жұмыс істеп тұрған қанатқақты кәсіпорындар базасында цифрлық фабрикалар құрылған болатын. Бұл – жалпы құны 13 млрд теңгеден астам инвестицияны, оның ішінде 0,6 млрд теңге мемлекеттік қолдау қаражатын құрайтын 51 жобаны жүзеге асырушы 7 қазақстандық кәсіпорын. Іске асырылған жобалардың қорытындысы бойынша кәсіпорындар еңбек өнімділігін 25%-ға, ресурс тиімділігін 18%-ға, жабдықтың қызмет ету мерзімін 5%-ға ұзартып, өндірістік шығындарды 20%-ға, еңбек шығындарын 30%-ға және энергия шығындарын 35%-ға төмендетті.
«Индустрия 4.0 тақырыбында оқыту – бұл отандық кәсіпорындар өндірісін цифрлы жаңғырту үшін жасалған тағы бір қадам. Оқуға қатысу үшін 22 қыркүйекке дейін тіркелуге болады. Біз еліміздің барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарын осы ауқымды жобаға белсенді қатысуға шақырамыз», деп атап өтті «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Мұқанов.
Вебинарлар ZOOM онлайн платформасында төрт модуль бойынша өткізіледі: кіріспе және бизнес инновациялары, сандық өндірісті бақылау, кибер-физикалық жүйелер, деректер негізінде өндірісті оңтайландыру және ақылды қызмет көрсету.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Адамға ақыл қайдан келген?
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024