Елімізде

ҰҚК: Экстремистік әрекеттерге қатысты 3 күдікті ұсталды

Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен өзара әрекеттесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Павлодар қалаларында 3 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеп
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, ұсталған азаматтар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдіктелуде. Сонымен қатар, тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынған.