бейсенбі, 19 наурыз, 2026 10:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көкшетауда 1500 оқушы бір мезетте «Бес асық» ойнады

Көкшетауда 1500 оқушы бір мезетте «Бес асық» ойнады
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Көкшетау қаласында 27 мектептің 1500 оқушысы бір мезетте «Бес асық» ұлттық ойынын ойнады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара Наурызнама аясында өтіп, ел көлеміндегі осындай форматтағы ауқымды бастамалардың біріне айналды.

Іс-шара білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ілгерілету және тәрбие жұмысының мазмұнын күшейту бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Ақмола облысында ұлттық спорт түрлерін дамыту жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде мектептерде 419 секция жұмыс істейді, онда оқушылар дәстүрлі ойындармен тұрақты айналысады.

Ұлттық ойындарды қамтитын тәрбиелік шараларды ұйымдастыру ұлттық бірегейлікті нығайтудың тиімді құралы.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар