Елімізде

«Көлігімен аспанда жүр». Шымкенттік азамат марихуана шегіп алып көлік айдаған

Ұсталған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Масаң күйдегі ер адамның басқаруындағы Kia Rio автокөлігін патрульдік полицейлер бейнебақылау инспекторларының нұсқауы бойынша тоқтатты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ішкі істер министрлігі мәлім еткендей, жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі затын қолданып, көлік жүргізуін жалғастырған. Бұл құқық бұзушылық көшедегі камераларға түскен.