Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады
Салық сомасы қолданыстағы мөлшерлемелерге сәйкес дербес есептеледі.
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғаларға 2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірге дейін екенін еске салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Салық сомасы қолданыстағы мөлшерлемелерге сәйкес дербес есептеледі. Бұл ретте 2025 жылға есептеу кезінде былтырғы 3 932 теңге көлеміндегі АЕК пайдаланылады.
2 сәуірден бастап кешіктірілген әр күн үшін өсімпұл қосылады. Ал 10 мамырдан бастап берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолға алынады.
Егер қарыз көлемі 1 АЕК-тен асса, салық органы борышкерге арнайы бұйрық жібереді. Бұйрық табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда іс жеке сот орындаушысына жолданады.
Ал берешек 40 АЕК-тен асқан жағдайда азаматтың шетелге шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін.