Елімізде

Көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді

2026 жылғы 19 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"ҚазАвтоЖол" таратқан мәліметтерге сүйенсек, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстарының кей аумақтарында қар жауып, боран соғуы ықтимал.

Ауа райының күрделенуіне байланысты республикалық маңыздағы автожолдарда көлік қозғалысы қиындауы мүмкін. Осыған орай жүргізушілерден жолға шығар алдында ауа райы болжамын нақтылап, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, сондай-ақ қауіпсіз арақашықтықты ұстануды сұраймыз. Қысқы жол жағдайында кенеттен туындауы мүмкін қауіпті жағдайларға дайын болу аса маңызды.

Қосымша ақпарат пен жолдардың қазіргі жағдайы туралы мәліметті 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы алуға болады.