«Көлікпен қағып, аяусыз тепкілеп өлтірген». Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі кісі қолынан қаза тапты
Алматыдағы элиталық тұрғын кешенінің тұрғыны күзетшіні түн ортасында көлікпен бірнеше рет қағып, ол аз болғандай айуандықпен ұрып өлтірген. Жәбірленушінің жанұшыра айқайлап, аяусыз азапталғанын "Меркур Таун" тұрғын үй кешенінің тұрғындары көрген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Түнде тұрғын үй кешенінің қақпасын жаппақ болған күзетшіні ер адам алдымен көлігімен бірнеше рет басып кеткен. Куәгерлердің сөзінше, шабуылдаған азамат жәбірленушінің бет жүзінің сау тамтығын қалдырмаған. Көлікпен қағып, құлап жатқан күзетішінің басына ауыр соққылар жұмсаған. Жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелтілген азамат жансауқтау бөлімінде жан тапсырды.
Түн жарымындағы қатыгездік бейнебақылау камерасына жазылған. Мәліметтерге сүйенсек, марқұмның артында 3 баласы қалып отыр.
Алматы Полиция департаменті мәлімдегендей, аталған жай бойынша адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.