Көпбалалы аналардың айлығынан заңсыз төлем ұсталғаны үшін екі әкім жазаланды
Бұл туралы прокуратура мәлімдеді
Жетісуда мүгедектігі бар адамдар мен көпбалалы аналардың құқықтарын бұзған лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жетісу облысының ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары мүгедектігі бар адамдардың, көпбалалы аналардың, "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Ана даңқы" және басқа да марапаттарға ие болған аналардың жалақыларынан міндетті төлем сомаларын заңсыз ұстап отырған.
Жетісу облысы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша аталған азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, заңсыз ұсталған қаржыны қайтару рәсімі басталды.