Көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?
2023 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы орта есеппен жалпы сомасы 339,4 млрд теңге мөлшерінде 539,1 мың отбасыны қамтыған. Оның ішінде қазан айында 534,9 мың отбасына 35,4 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленген, - деп хабарлайды Жамбылинфо Aikyn.kz сілтеме жасап.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді.
Көпбалалы отбасыларға:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
- 8 және одан да көпбаласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз