Елімізде
"Көшенің қақ ортасында алып қашқан". Шымкенттегі қыз алып қашу оқиғасы резонанс тудырды
- авторjambylinfo.kz
- 3 ақпан, 2024
- 337
"Көшенің қақ ортасында алып қашқан". Шымкенттегі қыз алып қашу оқиғасы резонанс тудырды
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Шымкенттегі қыз алып қашу ісін бақылауға алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айта кетейік, кеше біз Маңғыстауда туған 22 жастағы жігіт өзі танымайтын шымкенттік аруды алып қашқанын және осы ісі үшін 2 айға қамауға түскенін жазған болатынбыз. Бүгін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев осы іске қатысты пікір білдірген.
«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі тұрмыстық зорлық-зомбылық пен әйелдер құқығын бұзу мәселесіне талдау жасап жатыр. Мәжбүрлеп некеге тұрған қыздар жыныстық, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Кейде мәжбүрлі күйеуге беру қыздарды білім мен мамандық алу мүмкіндігінен айырады, бұл олардың онсыз да осал жағдайын одан әрі нашарлатады. Шымкенттегі іс - өрескел құқықбұзушылық, біз оны бақылауға алдық», - деді Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.Қазір Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі де іске арала бастағаны белгілі болып отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала