"Көшенің қақ ортасында алып қашқан". Шымкенттегі қыз алып қашу оқиғасы резонанс тудырды
"Көшенің қақ ортасында алып қашқан". Шымкенттегі қыз алып қашу оқиғасы резонанс тудырды
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Шымкенттегі қыз алып қашу ісін бақылауға алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Айта кетейік, кеше біз Маңғыстауда туған 22 жастағы жігіт өзі танымайтын шымкенттік аруды алып қашқанын және осы ісі үшін 2 айға қамауға түскенін жазған болатынбыз. Бүгін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев осы іске қатысты пікір білдірген.
Қазір Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі де іске арала бастағаны белгілі болып отыр.