Елімізде

«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен

Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін айтты

Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар сәбидің жағдайы ауыр. Дәрігерлер ауруханаға дереу жеткізілген баланы аман алып қалу үшін бар күшін салып жатыр, - деп хабарлайды  Jambylinfo.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ойын баласы асүйде жүріп пышаққа құлапты. Осы сәтте жанында анасы да болған. Бірден жедел жәрдем шақырып ауруханаға жеткізгенше, сәбидің жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, баланың көзі зақымданбаған. Пышақ жанарының үстінен өтіп, миының ортасына дейін жеткен. Қазір сәбидің өмірі үшін арпалысып жатқан дәрігерлер болашақта бұл жарақатының денсаулыққа қандай әсері болатынын айта алмай отыр.

Ал полиция баланың неден жарақат алғанын анықтауға кірісті.