Елімізде

Каналдарда су шығынын азайтуға арналған неміс технологиясын енгізу жобасы әзірленіп жатыр

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен германиялық HUESKER компаниясы суармалы су шығынын азайту үшін ирригация каналдарында заманауи геотекстиль материалдарын енгізу жобасын әзірлеуді бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы «Өтеміс» каналында HUESKER компаниясының INCOMAT геотекстиль материалы негізінде пилоттық жоба іске асырылды. Материал нақты жағдайларда тұрақты тиімділігін көрсетті, бұл су шығынын азайтуға және суды басқару сапасын арттыруға ықпал етті. Сондай-ақ пилоттық жобаны одан әрі кеңейту және технологияны басқа каналдардың учаскелерінде енгізу мүмкіндігі қарастырыла бастады.