Елімізде

Карантин талаптарын бұзған кәсіпорындар Ashyq-тан бір айға шығарылады

Карантин талаптарын бұзған кәсіпорындар Ashyq-тан бір айға шығарылады

Елордада Ashyq жобасына қатысушылар саны бірнеше есе өсті. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жобаға 11 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті қатысуда.

Жобаға қатысушылар келушілерді статусын анықтағаннан кейін ғана мекемеге кіргізуі керек. "Ashyq" жобасы бизнес нысандарының жұмыс істеуіне, сондай-ақ қызметкерлерді де, келушілерді де КВИ-ден сақтайды. Қатысушылардың көпшілігі "Ashyq" жобасының тиімділігін айтуда. Алайда QR-кодты алып, чек-ин (кіруді тіркеу) жүзеге асырмайтын, яғни оны іс жүзінде пайдаланбайтын кәсіпкерлер де жоқ емес. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов мәлім етті. Шағын және орта бизнес нысандарының жұмысын қалпына келтіру мақсатында "Атамекен" бастамасы жоғары деңгейде қолдау тапты. Бизнес жұмыс істеуге мүмкіндік алды, бір жыл үзілістен кейін көптеген нысан өз қызметін қайта бастады. Алайда, қазір қосымшаны қолданбайтын кәсіпкерлер жұмысты қиындатуда. Мұндай әрекеттер жоба таоаптарын сақтайтын өзге қатысушыларға зиян келтіріп, "Ashyq" жобасының беделін түсіреді, – деді елордалық кәсіпкерлер палатасының директоры. Мониторингтік топ күн сайын қатысушылардың санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауына рейдтер жүргізеді. Шектеу шаралары бұзылғаны анықталған жағдайда, яғни QR-код сканерленбесе, жұмыс істеуге рұқсат ететін құжаттары болмаса (сәйкестік актісі, санэпид қорытындысы), қатысушылар "Ashyq"-тан бір аптаға шығарылады. Ал қайталанған жағдайда 2 аптаға, үшінші рет 1 айға шығарылады. "Ashyq көшбасшылары" статусын алған жоба қатысушыларына тиісті критерийлерге сәйкес жұмыс режимі және нысанды толтыру бойынша жеңілдіктер беріледі. Елорда әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлерді жобаға қатысу шарттарын толықтай сақтауға шақырады. Себебі жауаптылық қала тұрғындары мен қонақтарын коронавирус жұқтырудан қорғап қана қоймай, кәсіпкерлердің пандемия жағдайында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жобаның тиісті талаптарын сақтау КВИ жұқтырған науқастар санын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде карантиндік шараларды жеңілдетеді.