Елімізде

Каспий жағалауынан тағы да өлі итбалықтар табылды

The final spritzer

Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті мәлімдеді

Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының маңындағы Каспий теңізі жағалауынан екі күннің ішінде 117 өлі итбалықтың денесі табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мамандар 20–21 мамыр күндері жағалауды шолу кезінде қатты шіріген жануарлардың өлекселерін кездестірген. Комитеттің мәліметінше, бұл итбалықтар 2024 жылдың қараша–желтоқсан айларында өлген. Ауыр ыдырау процесіне байланысты сынама алу мүмкін болмаған. Өлекселер жиналып, арнайы полигонға жеткізіліп, жойылған.

1 мамыр күні жағалаудан 88 өлі итбалық табылған болатын. Ал 9 мамырда Түпқараған ауданының тұрғындары тағы ондаған өлі итбалық пен құсты байқап, дабыл қаққан.