жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Каспий жағалауында демалушылардан қалған қоқысты облыс әкімі өзі жинады

Каспий жағалауында демалушылардан қалған қоқысты облыс әкімі өзі жинады
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Каспий теңізінің жағалауында өткен сенбілікке қатысып, тазалық жұмыстарына атсалысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жағажай аумағындағы қоқысты тазалауға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер де қатысты.

- Бүгін әріптестерімізбен теңіз жағасын тазалауға шықтық. Себебі, өкінішке қарай, кейбір демалушылар артынан қоқысын жинамай кетеді. Әрине, жауапты мамандар, коммуналдық қызметкерлеріміз тазалықпен тұрақты айналысып жатыр, бірақ бұл тек олардың ғана міндеті емес. Егер әр адам өзі пайдаланған орынды тазалап кетпесе, ешқашан толық тәртіп орнамайды. Қазір туристер саны күн сайын артып келеді. Маңғыстаудың көрікті жерлерін тамашалаңыздар, теңізге түсіңіздер, демалыңыздар, бірақ, ең бастысы өз іздеріңізді жинап кетсеңіздер деген тілегіміз бар. Ағайын, табиғатты ластамайық, аялайық. Бұл туған елге, туған жерге, Жер-Анаға деген құрметтің белгісі, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жыл басынан бері Маңғыстау облысына 66 мыңнан астам турист келген. Қазіргі таңда өңірде 31 демалыс орны жұмыс істеп тұр.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар