сенбі, 23 қараша, 2024 9:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Келер жылы әлеуметтік салаға 8 трлн теңге қаржы бөлінеді

Келер жылы әлеуметтік салаға 8 трлн теңге қаржы бөлінеді
ашық дереккөзі
Келер жылы әлеуметтік салаға 8 трлн теңге қаржы бөлінеді
2023-2025 жылдары республикалық бюджеттің негізгі үлесі әлеуметтік салаға бағытталады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты. «Бюджет шығыстарының құрылымын қарайтын болсақ, оның негізгі үлесі әлеуметтік салаға келеді. 2023 жылы әлеуметтік салаға 8 трлн теңге көлемінде қаражат жоспарланды. Шығыстар зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, мәдениет және спортты дамытуға, жастарды ынталандыруға бағытталатын болады», - деді Ерұлан Жамаубаев. Министрдің айтуынша, экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2023 жылға 2,1 трлн теңге көзделді. «Аталған бағыттың басымдықтары – өңдеу өнеркәсібін дамыту, аймақтарда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыру; кәсіпкерлікті, кіші және орта бизнесті дамыту және қолдау, көлік және газ тасымалдау жүйесін дамыту болып отыр», - дейді Қаржы министрі. Айта кетейік, Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын таныстырды. Заң жобасы еліміздің 2027 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар