Елімізде

«Әкем өте қалжыңбас, балажан адам еді». Рахымжан Қошқарбаевтың қызы әкесі туралы әсерлі әңгіме айтып берді

Әлия Рахымжанқызы әкесінің жастық шағы, үйіне қонаққа келетін аңыз адамдар туралы баяндады

Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева «Таңшолпан» бағдарламасына қонақ болып келіп, әкесі туралы әсерлі әңгіме айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Әлия Қошқарбаеваның айтуынша, әкесі үйде соғыс туралы әңгіме айтқысы келмейтін. Өйткені, Әлия Қошқарбаеваның пікірінше, соғысты көзімен көрген адамдар майданды мүлде еске алғысы келмейтін.

Ал, небары 19 жасында Рейхстагқа ту тіккен әкем өзін ешқашан батырмын деп санаған емес дейді ол.