Елімізде

«Кешке дейін үйге бармаңыздар». Бас сейсмолог алматылықтарға үндеу жасады

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматы тұрғындары сағат 16.00-ге дейін үйге кірмегені дұрыс дейді.  Оның бейнеүндеуін төтенше жағдай министрлігі таратып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дәулет Сәрсенбаев қала тұрғындарын сабырға шақырып, енді болатын афтершоктардың күші әлсіз болатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түске таман Алматы қаласында 6,1 балдық қатты жер сілкінісі тіркелді.