Елімізде

Әкесі Қазақстанның үш жасар азаматын Анталияға заңсыз алып кеткен

Құзырлы органдар оны елге қайтарды

Интерполдың көмегімен 3 жасар бала Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесе отырып, 3 жасар баланы анасына қайтарып берген.

“Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен. Одан кейін әйел полицияға жүгінген. Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда”,-деп хабарлайды polisia.kz.