Елімізде

Кибералаяқтардан қалай қорғануға болады

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полиция қызметкерлері 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтық деректерінің жиілегенін тіркеуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Хабарлама арқылы код алған азамат бірден психологиялық қысымға тап болады: артынша алаяқтар қоңырау шалып, өздерін банк, пошта, салық органдары немесе құқық қорғау құрылымдарының қызметкері ретінде таныстырып, түрлі қосымшаларды орнатуға немесе күмәнді сілтемелерге өтуге үгіттейді.

Сонымен қатар спикердің айтуынша, интернет арқылы тауар сату және жалған инвестициялық ұсыныстарға қатысты схемалар да кең таралған. Қаскөйлер төмен баға немесе жоғары табыс уәде етіп, алдын ала төлем талап етеді, кейін байланысқа шықпай қояды.

Сондай-ақ “туысыңыз жол-көлік оқиғасына түсті” деген мазмұндағы қоңыраулар арқылы эмоционалдық қысым жасап, ақша бопсалау фактілері кездеседі.