Әкім солтүстіктегі көп балалы аналардың жәрдемақысын екі есе ұлғайтуды ұсынды
Бүгін Сенатта Солтүстік Қазақстан облысының демографиялық мәселесі талқыланды
Сенаттағы үкімет сағатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аймақтың демографиялық жағдайын жақсарту үшін бала туғанда берілетін және көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақыны екі есеге ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасай отырып.
СҚО әкімі аймақта бала туу көрсеткіші азайғанын, жалақының аздығын және ауыл халқының қатты азайғанын атап өтті. Сондықтан, теріскейдің демографиялық ахуалын орталық деңгейде, яғни, мемлекеттік деңгейде шешу керек деген ойын айтты. Осыған байланысты, ол бірқатар жаңа төлем түрлерін енгізуді ұсынып отыр.
Оның бірі ретінде Ғауез Нұрмұхамбетов облыс аумағындағы аналарға бала туғанда төленетін және 4 және одан да көп бала үшін берілетін жәрдемақының көлемін қазіргіден екі есе ұлғайтуды ұсынды.