Үкімет 12 мыңнан астам отбасыға бір реттік төлем берді
- авторjambylinfo.kz
- 26 сәуір, 2024
- 551
26 сәуірдегі жағдай бойынша су тасқынынан зардап шеккен 12 642 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 4,5 млрд-тан астам теңге көлемінде біржолғы төлем алды. Шығын болған мал басы үшін берілетін төлем көлемі 211,5 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды jambylinfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3871 тұрғын үй тексеріліп, 2230 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.
468 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 645 млн-нан астам теңге қаражат бөлінді.
Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасыға қираған баспаналарының орнына үйлер мен пәтерлер берілді.
Шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз