Елімізде

Үкімет басшысының тапсырмасына меншік иелері неге құлақ аспай жүр

Олар бекітілген кестені беталды бұзған

Үкімет отырысында Олжас Бектенов орынбасарына жылыту маусымына дайындықты бастамай, кестені өз бетінше өзгертіп жүргендерге қатаң шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мамыр айының басында Бектеновтың жылыту маусымына орай жөндеу жұмыстарының уақытын ұзартуға және жұмыс көлемін қысқартпау бойынша нықтап берген тапсырмасы ескерусіз қалғанға ұқсайды. Өйткені, ресми оператор бекіткен кестеге меншік иелері 18 рет өзгерту енгізген. Бұған тіпті жергілікті әкімдік пен жауапты министрліктің де «батасын алмаған» көрінеді. Осыны атап өткен Олжас Бектенов бақылаудың аз болып отырғанын айтты. Сонымен қатар, орынбасарына тиісті міндетін өз деңгейінде орындамағандарға қатаң шара қолдануды тапсырды.