Үкімет Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясын құру туралы қаулы қабылдады
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
ҚР Үкіметі Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясын құру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Академияға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып Ішкі істер министрлігі белгіленді.
Құжатқа премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.