бейсенбі, 30 қаңтар, 2025 10:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үкімет отырысында Олжас Бектенов қосымша құн салығын көтеруді ұсынды

Үкімет отырысында Олжас Бектенов қосымша құн салығын көтеруді ұсынды
Фото - ашық дереккөз
Президент ұсынысты қолдады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Жиында баяндама жасаған Олжас Бектенов қосымша құн салығын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Елімізде қосымша құн салығын 12-ден 20%-ға өсіру көзделген. Тоқаев Үкіметтің қосымша құн салығын көтеру ұсынысын қолдады

"Жұмысты бастаңдар. Реформа қажет деп есептеймін. Бірақ қазіргі кезде алдымызда Ұлттық қордан трансферттерді азайту, оның жинақтау функциясын күшейту міндеті тұр. Жинақталған қаражатты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағыттауымыз қажет. Осылайша біз мемлекеттің дамуға бағытталған функциясын күшейтеміз. Менің ойымша, бұл мәселені тереңірек зерделеуіміз керек," – деді Президент.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар