Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметіне тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Көлік министрі қызметіне Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.