Елімізде

Үкіметте «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы таныстырылды

Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде әзірленген 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тұжырымдама Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және бейінді министрліктермен бірлесіп дайындалған әрі балалардың құқықтарын қорғау саласында қабылданатын шаралардың дәйектілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Тұжырымдама шеңберінде «Заң мен тәртіп» идеологемасын кеңінен тарату; мектептерде педагог-психолог сағатын енгізу; балаларды «Адал азамат» рухында тәрбиелеу; зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттерін ашу; психологиялық диагностиканың бірыңғай цифрлық платформасын құру; қадағалауды талап ететін балаларды тәлімгерлермен 100% қамту жоспарлануда. 

Сондай-ақ буллингті анықтау үшін бейнебақылау камераларына ЖИ технологияларын енгізу, құқыққа қайшы контентті жоймағаны үшін интернет-платформалардың жауапкершілігін күшейту және т.б. қарастырылған.