«Компьютер клубының атын жамылған»: Маңғыстауда құмар ойын бизнесін ұйымдастырғандар 77 млн теңге табыс тапқан

Қылмыстық топ мүшелері 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
Маңғыстау облысында құмар ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚМА Маңғыстау облысының Департаменті 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.
Қатысушылардан ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркеліп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асқан.
Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.