«Криптоактив, қымбат пәтер»: Қаржы пирамидасының өкілі ұшаққа мінгелі жатқанда ұсталды
«LIVEGOOD» қаржылық пирамидасын ұйымдастырудан алынған қылмыстық табысты жылыстату схемасы анықталды
Күдікті Түркияға кеткелі жатқанда қолға түсті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚМА дерегінше, тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта күдікті биологиялық белсенді қоспаларды сатумен айналысатын желілік маркетингтің атын жамылған «LIVEGOOD» қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталған.
Сонымен қатар, күдіктінің «Binance» биржасында 0,28 BTC криптоактивтері бар екені анықталған. Бұл 28 мың АҚШ долларына тең.