дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен 1200 адам өтемақы алды

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен 1200 адам өтемақы алды
Сурет: ҚР ТЖМ
Бұл туралы жергілікті әкімдік хабарлап отыр

Атырау облысында тасқыннан зардап шеккен 1200-ден астам құлсарылық баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Әкімдіктің дерегінше, 758 тұрғынға баспана сатып алуға және 451 азаматқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қаражат берілген. 

«Бүгінде техникалық зерделеу қорытындысын қайта қарау жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар тұрғындардың берген өтініштерінде көрсетілген ескертулерді назарға ала отырып, жүзеге асырып жатыр»,-деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін таратылған ресми ақпарат бойынша, жылжымайтын мүлікті бағалау комиссиясына барлығы 2 727 өтініш түсіп, 1000-ға жуық үй апатты деп танылған.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар